Қайрат Нұртастың Америкадағы концертіне билеттер Димаштікінен екі есе қымбатқа сатылған
Қайрат Нұртас Американың бірнеше қаласында ән кешін өткізбек. Күні кеше хитмен Филадельфия қаласындағы мейрамханалардың бірінде өнер көрсетсе, бүгін Чикагодағы, ал ертең Нью-Йорктағы тыңдармандарының басын қоспақ. Анасы Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, билеттер таусылуға шақ қалған, деп хабарлайды Oinet.kz порталы.
АҚШ-қа тәуелсіздік мерекесі қарсаңында барған Қайрат аяқ астынан концерт беремін деп шешкен. Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, виза алу қиынға соққандықтан, ән кешін алдын ала жоспарлай алмапты.Соған қарамастан, бірнеше күнде билеттер сатылып кеткен.
- "Бұл Қайратымыздың жеке ән кештері ойламаған жерден, 4-5 күндік дайындық, хабарландырумен ғана өтіп жатқан жәй бір сырласу кештері. Біріншіден, визамыз дайын болмай, ұшу-ұшпауымыз екіталай болды, ұшар күні елшілік жабылуға 1 минут қалғанда сіздерге өтірік, маған шын паспортты әйтеуір алып үлгердік. 15-не ұшсақ, бұл концерт 18-не өтті, 3 күн өте аз.
Естеріңізде ме? Қайраттың алғашқы концерттерін Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай елдірінің түпкір- түпкірі, ауыл-ауылдан осылай бастаған болатынмын, өз күшімізге ғана сеніп. Бірақ соның жемісі - үлкен, мыңдаған алаңдармен ұласып, Алматы және Астана аренасында 35 мың адамды лық толтырып, 3Д форматтағы KN жеке ән кешін алғаш болып өткізген едік. Алла бұйыртса АҚШ елінде де кішігірім концерттеріміз үлкен кештерге айналса деген аналық үмітімді Алла қабыл етсін!
16-на еліміздің туын Филадефия қаласында көтеруге шақырту алған соң, ары қарай уақытымызды бос өткізбей, АҚШ елінде де бір дүйім жұрт бар, олар Қайраттың кешін сұрап жатыр, деген соң кішкентай қадаммен бастауды жөн көрдім. Бір жағы туған елге деген ыстық сағыныштарын сезіндік және қатты қуандыра алдық" - деп бөлісті Гүлзира Үсенқызы.