Тимати миллиондаған дизлайк алған бейнебаянын өшіруді ұйғарды

Oinet.kz 10-09-2019 1009

70520347_516682069108490_1420516999405658459_n.jpg

Рэпер Тимати «YouTube» желісінде дизлайк алудан Ресей бойынша рекорд орнатқан өзінің жаңа бейнебаянын шешуді жөн көрді. Бұл жөнінде Тимати өзінің Instagram әлеуметтік желісінде айтты.

«Мен көбінесе негативті дүниелердің көпшілік ортасында резонанс тудыратынын түсінемін, әрине. Алайда, бұл жерде нәтиже шектен шықты», - деді рэпер.

Тимати бейнебаянды жою туралы шешім қабылдады. Ол ешкімді өзінің клипімен ренжіткісі келмегенін, сондай-ақ Мәскеуді жақсы көретінін атап өтті.

7 қыркүйек Мәскеудің қала күніне орай Тимати мен Гуфаның YouTube-та жарияланған «Москва» бейнебаяны 5,3 миллионнан астам көрілім жинады. Қазіргі уақытта бейнебаян 86 мың лайк, 1,4 миллионнан астам дизлайк жинады.

Естеріңізге сала кетейік, репердің әнінің мәтінінде митингілерге бармайтынын, Мәскеу көшелерінде жаяу жүріп, Собяниннің денсаулығы үшін бургер жейтінін айтып рунетте үлкен резонанс тудырған болатын.

Малахов Димашты «секс-символ» деп атағаны үшін кешірім сұрады
Нұрғали Нүсіпжанов пен жас келіншегі ойламаған жерден концерт берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу