Коммунистер коммунизмнен неге бас тартты?

Oinet.kz 12-11-2020 962

Коммунистік партияның атауы өзгеріп, ребрендинг жасалды. Ол енді  «Қазақстанның халық партиясы» деп аталатын болады.  Бұл жаңалық елордада партияның кезектен тыс XV съезінде жария етілді. 

Во второй раз. КНПК выдвинула кандидатом Жамбыла Ахметбекова

 - Біз биыл партиямыздың атауын өзгертіп, ребрендинг жасауды жөн көрдік. Бүгінгі партияның кезектен тыс XV съезінің басты жаңалығы, біздің партиямыздың атауының «Қазақстанның халық партиясы» болып өзгеруі. Бұл дегеніміз коммунистік идеологиядан кету деген сөз емес, біздің еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көп мән беруімізбен байланысты. Еліміздегі шешілуі тиіс мәселелердің көбі әлеуметтік саламен байланысты. Тағы бір партия мүшелерінің қатарын кеңейту, бағдарламамыздың аясын кеңейтуді көздейміз. Сондай-ақ, біз партиялардың қатарында жоқ, бірақ өзіндік идеялары бар азаматтарды өз партиямызға шақырамыз, - деді партияның хатшысы Жамбыл Ахметбеков.

Коммунистердің партиясы бұған дейін ресми түрде Қазақстан кммунистік халық партиясы деп аталатын. Атаудан коммунистік деген сөзді алынып тасталынуы қалай десек те тегін емес сияқты. Комунистер коммунизмнің күні келмеске кеткенін түсінген сияқты.    

Пашинян: Елімізді тонаған олигархтардың түбіне жете алмадық
Бас полицей халыққа есеп берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу