«Ұлымды перзентханадан алып шығатын адам табылмады»: Шынар Меджанова

Oinet.kz 25-01-2024 2713

“Қалаулым” жобасы арқылы танылған блогер Шынар Меджанова жеке өміріне қатысты бірнеше сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Мамский әңгіме” подкасына сілтеме жасап.

Screenshot_11.jpg

Блогер күйеуін атышулы бағдарламада жолықтырған.

“Баламның әкесімен “Қалаулым” бағдарламасында таныстық. Бірінші маусымда үміткер болып келген еді. Ең алғашқы жұптың бірі болдық. Бесінші маусымында отбасын құрдық. Одан кейін үш жыл бойы араласпай кеттік. Астана қаласына келіп, қосылайқ деп өтінді. Мен бас тарттым. Одан кейін бағдарлама ұжымын араластырды. Сол арқылы менен кешірім сұрап, тағы келді. Содан қайта татуласып кеттік. Үйлену тойын жасап, 4 айдан кейін жүкті екенімді білдім. Қазір жастар арасында кеңінен танымал, трендке айналған гендер-пати жасадық. Өте қатты қуандық, бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмады. Омар-Али дүниеге келгенде жанында әкесі болмады”, – дейді блогер. 

Айтуынша, блогер жүктілігінің тоғызыншы айында туған жері Семейге кетіп қалған. 

“Дәл осы уақытта бірге өмір сүруді тоқтатамыз деп нақты шешім қабылдадым. Көп түсініспеушілік болды. Үйден мен кеткен жоқпын, олар кетіп қалды. Айы-күнім жетіп отырғанда жалғыз қалдым. Содан ата-анам “ертерек босанып қалсаң жаныңда ешкім жоқ, Семейге кел” деді. Сол жаққа кетіп қалдым. Олар мүлдем хабарласқан жоқ. Қатты күйзеліске түстім. Босанғанда жанымда анам болды. Өте көп көмектесті. Арасында “сабыр сақта” деп ұрысып та алды. 18 сағат толғатып, 15 минутта босандым”, – деп еске алады Шынар. 

Сонымен қатар ұлын перзентханадан шығарып алуға күйеуі жағынан ешкім келмеген көрінеді. 

“Үш күннен кейін перзентханадан шықтық. Мен босану үшін дәрігер дайындаған жоқпын. Ондай дүниені ойлайтын жағдайым да болмады. Акушер баланы орап, сыртқа алып шыққанда ешкім күтіп алмады. Ата-анам баспалдақпен енді көтеріліп келе жатыр екен. Сол сәтте жерді сезбей қалдым. Қатты жылап жібердім. Үйге келгесін тағы жыладым. Жақындарымның бәрі жанымда, бірақ көзімнің жасы тоқтамайды. Ол кісінің жағы келді, баланы көрді. Бірақ қырқынан шығарғанын күтпей, кетіп қалды. Біраз айқайға ұласқан әңгімелер болды. Қазір бәрі артта қалды. Күйеуім қайта қосылайық деп келмеді. Өзімнің де қайтып қосылғым келмейді. Ол адам менің өмірімде жоқ. Баласын көргісі келсе қарсылығым жоқ”, – дейді блогер. 

«Алла кешіріп иман мен хидаят берсін»: Ақын Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатыр
«Жапония аруы» сұлулық байқауын украин қыз жеңіп алған: Халық төрешілердің шешіміне наразылық білдір
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу