«Алла кешіріп иман мен хидаят берсін»: Ақын Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатыр
Талай хит әндердің авторы, ақын, композитор Құрманай Бақтиярқызы ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Әнші Алтынай Жорабаева жеке парақшасында оқырмандарынан дұға жасауды сұрады.
“Алла шипасын берсін, Құрманайым! Қымбатты, оқырмандарым, Құрманай Бақтиярқызына дұға жасап қойыңыздаршы! Құрманай қыздарыңыз ауыр хәлде жатыр", – деп жазды әнші.
Ақынның өзі парақшасына осыдан екі апта бұрын ғана сатқындық туралы жазба жариялаған.
“Қаншама сатқындықтың ащы дәмін татсам да, мені дұшпан санағандармен сәлемді үзген емеспін. ”Алла кешіріп иман мен хидаят берсін” деген сөзім өзімнің жолымды ашқанына өзім таң қаламын. Дұшпанға дос көзбен қарап, бас изеу кең пейілді мейірімділердің қолынан келетінін ұмытпаңыздар! Сыртымнан күнәмді төккендеріңіз үшін шексіз алғыс білдіремін”, – деп жазды ақын.