«Жапония аруы» сұлулық байқауын украин қыз жеңіп алған: Халық төрешілердің шешіміне наразылық білдір

Oinet.kz 25-01-2024 678

"Жапония аруы-2024" байқауының жеңімпазы Украинаның Тернополь қаласының тумасы Каролина Сиино болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_12.jpg

Ол – жарыстағы қыздардың ең үлкені (26 жаста) және жалғыз Жапонияда тумаған жеңімпазы.

Каролина 1998 жылы Тернопольде қарапайым украин отбасында дүниеге келген. Бірақ кейін оның анасы ажырасып, екінші рет жапон жігітіне тұрмысқа шығып, Нагояға көшкен. Ол кезде қыз небәрі бес еді. Алайда жапон тілін тез меңгерген көрінеді, қазір ана тіліндей біледі.

2022 жылы ол ел азаматтығын алған соң Жапония аруы байқауына қатысуға өтініш берді. Оның айтуынша, бұл сайысқа қатысудағы мақсаты –  адамдарды сыртқы келбетіне қарап бағаламайтын қоғам құру.

Каролинаның жапон болмаса да, Жапония аруы атануы дау туғызды.

Бұған дейін 2015 жылы анасы жапон, ал әкесі афроамерикалық Ариана Майамото "Әлем аруы" байқауында Жапонияның атынан кезде де, бұл желі қолданушылары арасында түрлі реакция тудырды. 20 жастағы Ариананы бірі қолдаса, бірі жапонға ұқсай қоймайтын адамды Жапонияның аруы деп таныстырғанына қарсы болды.

Ал Каролинада мүлдем жапон қаны жоқ.

"Жапония аруы болып таңдалған адамның Жапонияға мүлдем қатысы жоқ. Ол – 100% украин қызы. Иә, ол өте әдемі, бірақ байқау "Жапония аруы" деп аталады. Бұл жерде жапондар қайда?”,  "Егер жартылай жапон қаны болса, мейлі, келісуге болар еді. Бірақ оның этникалық жағынан жапонға қатысы жоқ, тіпті Жапонияда туылмаған" деді желі қолданушылары.

Каролинаның жеңісін "жапон келбетін кемсіту" деп санағандар да болды.

"Менің ойымша, еуропалық келбеті бар қызды ең әдемі жапон қызы деп атаған дұрыс емес", – делінген пікірде.

Ал біреулер мұнда саяси астар бар екенін айтты

"Егер ол орыс болса, жеңбес еді. Тіпті үміт те болмас еді. Бұл –Жапония үшін өте қайғылы күн", – деді қолданушы.

“Жапония аруының" бас ұйымдастырушысы Ай Вада төрешілер Каролинаны жеңіске лайық деп танығанын айтты.

"Ол жапон тілінде өте таза әрі жетік сөйлейді әрі жақсы жазады. Ол бізден гөрі жапон", – деді ол.

Каролинаның өзі Instagram-да жапонға ұқсамаса да, осы елде өскендіктен, нағыз жапонға айналғанын жазды.

«Ұлымды перзентханадан алып шығатын адам табылмады»: Шынар Меджанова
«Жұрт жейтін нанын зорға тауып отыр»: Шетелде демалған Гүлзира Айдарбекова оқырманына жақпай қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу