Мұхамеджан Тазабек отбасылы ер адамға тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға кеңес берді

Oinet.kz 14-09-2023 866

Айтыскер ақын, психолог Мұхамеджан Тазабек отбасылы ер адамға тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға кеңес берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_64.jpg

Мұхамеджан Тазабек осы тақырыпта сұрақ қойған оқырмандарының бірінің сұрағына жауап берді.

"Рас, жолы болған жақсы еркектер бар. Соларға тоқал болып күйеуге шыққысы келетін жағдайлар шығар, солай деп түсіндім сұрағыңызды. Әрине, бір отбасыны бақытты еткен, жағдайы шешілген адам. Бірақ бәйбіше оны бөліскісі келе ме, мәселе сонда ғой. Бәйбіше де одан айырылғысы келмейді. Ол да күйеуін ешкіммен бөліскісі келмейді. "Бір жер де алтын бар, барсаң, бақыр да жоқ" деген сияқты, керемет жігіт қой деп шығып, бір айдан кейін, екі айдан "болмайды екен" деп ажырасып жатқан қыздар бар ", - дейді ол.

Оның сөзінше, біреудің бақытына ортақтасқаннан гөрі бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, тату ғұмыр кешкен жөн.

"Отбасылы ер адамдардың жағдайын жасап, жарқырап жүруіне жұбайларының үлесі зор ғой. Бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, бірге дамып, өсудің орнына, дайын нәрсені алу оңай көрінуі мүмкін. "Біреуді жылатып, өзің күліп жүруің қиын" демекші, бойдақ жігітке тұрмысқа шығып, күліп-ойнап, ұрыспай-керіспей тату ғұмыр кешкенге не жетсін", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл мәлімдемеге түрлі пікір жазған.

"Өзін сыйлайтын әйел адам саналы түрде ондай қадамға бара қоймас. Шариғат рұқсат еткенімен, бәйбішеге өте қиын болады-ау", "Келісемін өте дұрыс, қыздарға кеңесім бір - жігіттің бағы болыңыз дегім келеді", "Еркектің еркек болып жүргені әйелінің арқасы ғой. Бойдақта ондай күтім болмаған соң өзіне сенімсіз, әрине", "Тоқал деп айту дұрыс па? Ол да сүйікті жар, бір әке мен ананың қызы. Болашақ ана, ақыреттік жарың, жолдасың", "Қазір қыздар бұзылған заман болды. Отбасылы еркек екенін біле тұра өздері мойнына асылады", - дейді олар.

«Астамшылық жасамаңдар, жігіттер»: Танымал блогердің тойы миллиондармен ел назараны аударды
«Алланың миссиясы аяқталды»: Журналист Жанат Бақытқа айыппұл салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу