«Астамшылық жасамаңдар, жігіттер»: Танымал блогердің тойы миллиондармен ел назараны аударды
Танымал блогер Zheka Fatbelly беташар тойында достары 500 мыңдап ақша салды. Халық блогердің бұл әрекетін сынға алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Танымал блогердің тойы 8 қыркүйекте болып кетті. Ерекше стильде жасаған тойдың беташары да жаңаша болады. Той жүргізушілері елдегі танымал асаба Қабдол мен Жандос. Әдетте беташардың ашқасын салуға киіз үй, үлкендеу ыдыс қойылатын болса, бұл тойда үлкен сандық қойылды. Сандық толды дейді көпшілік.
Беташарда блогерлің достар 500 мыңдап сандыққа ақша салған. Каспи арқылы, доллорлатып салынған ақшалар көпшіліктің назарын аударды. Бұл видеолар асабалар өз парақшасында тарап кетпей тұрып, тикток желісінде тарап кеткен.
Желі қолданушылары «Астамшылық жасамаңдар, жігіттер», «Мыналарың ұят енді», «Біреу тойып, біреу тоңып секіреді деген осы шығар» деп пікірін білдіруде