«Алланың миссиясы аяқталды»: Журналист Жанат Бақытқа айыппұл салынды

Oinet.kz 19-09-2023

Белгілі журналист Жанат Бақыт діни жазбалары үшін жазаланды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Атырау облысының Дін істері басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Screenshot_2.jpg

Ведомство мәліметінше, Дін істері басқармасына қала тұрғыны атынан арыз келіп түскен.

"Арызда әлеуметтік желіде танымал журналист желідегі парақшалары арқылы ислам дініне тіл тигізіп, барша мұсылмандардың, соның ішінде жеке діни сезіміне қорлық жасалғанын көрсеткен. Осы ретте басқарма тарапынан Instagram әлеуметтік желісіндегі Zhanat Baqyt және zhan_zhihany парашалары Дін істері комитетіне дінтану сараптамасын жасауға жолдаған болатын. Сараптама қортындысы негізінде, бұл парақшаларда шынымен ислам сенімін ұстанатын азаматтардың діни сенімін қорлауға және өз кезегінде қоғамда түрлі діни талас-тартыстарға себеп болатын ақпараттар жарияланғаны анықталды. Қазіргі таңда Алматы облысы Талғар ауданының сотының шешімімен парақшалардың иесі кінәлі деп танылып айыппұл салынғанын хабарлаймыз", -  дейді Атырау облысының Дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Ерғалиев Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.

Осылайша журналистке 50 АЕК - 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынған. 

"Алдағы уақытта бұл парақшаларды бұғаттау үшін ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереміз", - дейді Ерлан Ерғалиев. 

Атырау облысы Дін істері басқармасы ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 3 бабы 5 тармағына сәйкес жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейтінін ескертті.

Еске салайық, биыл наурыз айында журналист Жанат Бақыт әлеуметтік желідегі парақшасында "жаңа дәуір басталды, Алланың миссиясы аяқталды" деген болатын. Журнаистің бұл сөзі халық арасында түсінбеушілік тудырған еді.

Мұхамеджан Тазабек отбасылы ер адамға тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға кеңес берді
Актер Жанболат Найзабек «Өнер қырандары» театрынан кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу