Қарақат Әбілдина: «Керемет ақ боз атты ханзаданы жолықтырсам» (фото)

Oinet.kz 06-12-2021 4468

Танымал әнші Қарақат Әбілдина 17-18 жасында қандай арманы болғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Қарақат.png

- 17-18 жасар Қарақаттың қандай арманы болды білесіз бе? Керемет ақ боз атты ханзаданы жолықтырсам. Үш балаға ана болсам… Отыз жасыма дейін дүниеге әкелетін баланы әкеліп,одан кейінгі өмірде өзіме қарап,күтім жасасам…Әніммен қалықтап сахна төрінде жүрсем деген асқақ армандарым болатын☺️

Сөйтіп Қыдекеңдей красавчикке тұрмысқа шықтым да,бұндай бір туар азаматтың ұрпағы көп болу керек деп, екі рет үшті қайталап

алтауға бірақ бардық-ау, Алла өмірімен берсін!

Шүкір тілегім қабыл болды. Шынайы махаббатымыздан жас отау тігілді. Алла бағымды еселеп ұл-қыздар берді.Үйім толы баланың сылдыр-сылдыр күлкісі. Ұлдарымның тарсыл-гүрсіл шабысы, миымның шамалы айналыңқырап қалғаны да рас. Сонау 23 жыл бұрын тігілген жас отау үлкен ақ отауға айналды.

Бәріне шүкір! Енді міне алтыншыдан кейін жайылып кеткен фигурамды жинақтай алмай жүргенде,яғыңыз ауыр екен, жеңілдеп алыңыз, - деген хаттарыңызға жол болсын жақсыларым - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Түркия түрмесінде жатқаны рас па? (видео)
Баян Мақсатқызы 5 жылдық некесі жайлы: «Адам төзгісіз болды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу