Мейрамбек Бесбаевтың желідегі суреті елді алаңдатып қойды

Oinet.kz 29-11-2021 1413

Мейрамбек Бесбаевтың Instagram желісіндегі суреті жанкүйерлерін алаңдатып қойды. Өнер иесі аурухана палатасына ұқсайтын бөлмеден сурет жүктеген. Кейбір оқырмандар оны ем алып жатыр, деп болжады.

image.png

Мейрамбек Бесбаев Instagram желісіндегі парақшасына емдеу мекемесінің палатасына ұқсайтын бөлмеде отырған суретін ел назарына ұсынып: "Бас аман, бауыр бүтін болсын", - деп жазып қойған. 

Бір қызығы ол бөлмеде жалғыз емес, әріптесі Мұқасан Шахзадаевпен бірге жатқанын көруге болады. Сүйікті әншілерінің суретін көрген желідегі оқырмандар алаңдап, оған тілектері мен сұрақтарын жаудырды. Олар әншіні ем алып жатыр деп болжап, оған тезірек сауығып кетуді тіледі. 

Ал кейбірі болса, оны шипажайда демалып жатқан болар деген ойын да жеткізген. Пікір білдірушілер қатарында Жазира Байырбекова мен Серік Ибрагимов та бой көрсетті. 

- "Ауырмаңыздар, жігіттер!", "Ем болсын, ағалар!", "Тараздан шыққан тарландар, ауырдым, аунадым дегендей-ақ алған емдеріңнің Алла шипасын берсін! Аман болыңдар!", "Қазақтың азаматтары, жазылып кетіңіздер", "Шипажай шығар, не болса да, ауырмаңыздар", - деп жазды олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от

Қайрат Нұртас: «Мен өзгерген жоқпын, жан-жағым өзгеріп кетті»
Жазира Байырбекованың анасы дертке шалдықты (видео, фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу