Қайрат Нұртас: «Мен өзгерген жоқпын, жан-жағым өзгеріп кетті»
Қайрат Нұртас соңғы кездері желіде түрлі астарлы жазбалар жазып, елді ойландырып жүр. Әншінің кезекті жазбасы оқырмандарын тағы да алаңдатып қойды.
Қайрат Нұртас бұған дейін де түрлі астарлы ойларын желіге жүктеп, ел назарын өзіне аударған еді. Бұл жолы да ол өз жазбасымен көптің көңіліндегі сұрақтарға жауап беруге тырысқан. Айтуынша, ол өзінің желідегі оқырмандарына көңіл бөлмей кеткендіктен, бұл олқылықтың орнын олардың сұрақтарына жауап беру арқылы толтыруды шешкен.
- "Мен өзгерген жоқпын, сол баяғы Қайратпын ғой. Бірақ, жан-жағым өзгеріп кетті, ол рас… Кешегі бір оқырманымның сұрағына жауап. Сіздерге де көңіл бөлмей кеттім, бүгін қызықты сұрақтарға жауап беремін", - деп жазды ол.
Әншінің фанаттары оның екіұшты жазбасына пікірлерін жаудырып, алаңдаушылық білдірді.
- "Не болған бұл кісіге?", "Қайрат аға, бәрі де жақсы болады, уайымдамашы", "Осындай сөздер арқылы адамның өмірінде не болып жатқанын бірден білуге болады", " Мұңайма, саған жараспайды", "Өзгересің ғой, адам бір қалыпта тұра бермейді ғой, әйтеуір, аман болшы", - деді пікір білдірушілер.