Мақсат Базарбаев басына сынақ боп келген қиындықтары туралы айтты (видео)

Oinet.kz 25-11-2021 1948

"МузАРТ" тобының әншісі Мақсат Базарбаев жұбайлық өміріндегі басынан өткен сынақ туралы сыр шертіп, жастарға өз ақылын айтты. Айтуынша, отбасылы болғаннан кейін тоғыз жыл бойы сәбилі бола алмаған. Ол жаңадан шаңырақ көтерген жұбайларға бір-біріне мейірім танытып, арада бала болмай жатса да, жұбайына түсіністікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты.

image.png

Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасында айтты. Төрт баланың әкесі Мақсат Базарбаевтың балаларының алды 13 жаста. Үлкен ұлының есімі - Аңсар. Тұңғышының есімін Аңсар деп қоюында үлкен мән жатыр. Шаңырақ көтергеннен соң Мақсат пен оның жары бірнеше жыл бойы сәби сүйе алмаған. Алайда, әнші бұл сынаққа төтеп беріп, отбасын сақтап қала алғанын айтты. Өз сұхбатында ол сәби сүйе алмай, екі бөлек кететін жастар тралы сөз қозғады. 

- "Сынақ қой енді. Меніңше, бұл жерде жігіттің кінәсі жоқ. Араласатын адамдар бар. Көп жігіттердің анасы, әпкелері, туыстары айтады. Содан ер адам бұзылады. Әйтпесе адамдар сүйіп қосылады ғой. Көшеде кетіп бара жатқан адаммен қосыла салмайды. Екеуінің арасында махаббат болады, дегендей. Сонда олардың махаббаттарын, бір-біріне деген сезімін, айтқан ойларын, сырларын бәрін ұмытып, басқасын ал дейді. Келесі әйелі сәби сыйлай ала ма, жоқ па - оған қарамайды. Ана әйел байғұсты бір зат көреді. Ойламайды. Аманатқа қиянат жасағандай болады. Сондықтан көріп отырған кісілерге жас отбасылардың арасына түспеуге тырысыңыздар дегім келеді. Себебі, балаңыз ол әйелді аманат қылып алғаннан кейін, аманатқа қиянат жасамаңыздар. 

Мен мысалы үйленгеннен кейін тоғыз жарым жылдай болды (ред. - бала болмағанына). Бірақ біздің әке-шешеміз үндеген жоқ. Арамызға қарындасым не бауырларым түскен жоқ. Әкем, керісінше, "Тастаушы болма, біреудің қызын жылатушы болма" деді. Бірақ басқа кісілер айтып жатты. Ол кезде "МузАРТ"-тың дүркіреп тұрған кезі. "Қыз-қырқынның арасында жүрсің" дейтіндер болды. Өтірік емес, қыз-қырқынның арасында жүрдік. Барлығы болды. Бірақ Алланың тағдыры солай болып тұр. Келіншегім де айтты. "Мен саған ризамын, менің саған ренішім жоқ. Мүмкін екеуіміз бөлек кетеміз?". Мен үзілді-кесілді қарсы болдым. "Маған ондай нәрсені айтушы болма, егер менің тарапымнан айтылатын болса басқаша болады. Қазір сенің айтуға қақың жоқ" дедім. Ағамның балалары үйге келеді, кішкентай қыздары келеді, базарға апарып киіндіріп, солардың шашын тарап, қарайды. Сыртынан қарап қызығасың. Амал жоқ, көзіңнің жасын көрсетпей сығып аласың да, ары қарай оған демеу бересің. Себебі, Алланың ісіне қарсы шыға алмайсың. Сынақ қой ол. Бір күні үйде жатсам, 2007 жылы бірдеңе айтайын деп едім деді. Ішім бір қуанышты сезіп отыр. Сөйтсем, аяғы ауыр екен. Не істейміз деп жылайды", - деп баяндады ол. 

Қазіргі таңда, ерлі-зайыпты Аңсар, Айбар, Аят және Аянат есімді төрт баланың ата-анасы атанған. Олардың төртеуі де мектепке оқиды. 

Жүнісова Заманбек Нұрқаділов туралы қызықты естелікпен бөлісті
Қайрат Нұртас: «Мен өзгерген жоқпын, жан-жағым өзгеріп кетті»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу