«Қабылдадым» - Айжұлдыз Адайбекова (видео)

Oinet.kz 25-10-2021 1858

Отандық блогер Айжұлдыз Адайбекова ажырасқаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтып берді. Жас ана бұл жайттан соң түбегейлі өзгерістерді бастан кешірген, деп хабарлайды Oinet.kz.

Адайбекова.png

Әнші ажырасудан кейінгі сана трансформациясы турасында YouTube платформасындағы Нұржан Еркінұлының "Көз тиеді" подкастында баяндады. Айтуынша, Қыран Талапбекпен арадағы сәтсіз неке оның тұлғалық тұрғыдан дамуына түрткі болған үлкен оқиға болған. 

- Әйел адам жүкті болған кезде ол екінші жартысына, өмірлік жарына қатты мұқтаж болады. Себебі, оның ағзасында түрлі гормоналды өзгерістер туындайды. Ал ажырасуды бастан өткерген кезде менде реніш, депрессия, уайым, сәби алдындағы жауапкершілік, өзіңді өзің қолға алу керектігін түсіну сынды мың ұдай сезімдердің жиынтығын бастан кешірдім. Басқаларда қалай екенін білмеймін, бірақ осы жайттан кейін менің санамда қатты трансформация болды. Қазір мен өткенім туралы осылай сабырмен айта аламын. Ал бұрын ол туралы естісем, қатты қиналатынмын. Естігім келмейтін - деді ол. 

Айтуынша, түрлі психологиялық қадамдар арқылы, өзін тереңірек түсіну арқылы қазіргі күні ол басынан кешкен оқиғаларды жан-тәнімен қабылдаған. Сондықтан да өткен өміріне, өмір жолында жолыққан әрбір жанға алғыс айтуды үйренген. 

- Мойындайтын нәрсені мойындап, жіберетін адамды жіберіп, ішіңде ешқандай реніш қалмайтындай жасау керек - дейді ол. 

Ол аяғы ауыр бола тұра, ажырасуды өткеріп, онымен қоса жүктіліктің барлық қиындығын да көріп, біршама қиналғанын мойындайды. Десе де, блогер осы арқылы қазіргі сәтті бағалауды үйренгенін жеткізді. 

- Басыма түсті, көрдім, қабылдадым. Бірақ, бастапқыда оған деген ашу-ызаны сезіндім, оны әлемдегі ең жаман адам ретінде көрдім. Мен ол күйімді қабылдадым және өзімді кешірдім. Себебі, мен ол кезде жүкті болдым және мен үшін ол кешірімді. Бүкіл хейтті де, негативті де көресің, өзіңмен өзің қаласың. Осылайша артыңа қарап, қажет нәрсеңді алып, қажет еместі артқа тастайсың - деді ол. 

Белгілі блогер күйеуін 10 миллион долларға басқа әйелге бермек (видео)
Роза Рымбаева ескі досымен әсерлі ән шырқады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу