Мейрамбек Бесбаев ұлы мен қызын өз бейнебаянына түсірді (фото)

Oinet.kz 05-10-2021 2173

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев ұзақ уақыттық үзілістен кейін, шығармашылығын қолына алды. Өнер иесі тыңдармандарына жаңа бейнебаянын ұсынды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Мейрамбек Бесбаев "Өмір өтті" әніне клип түсіргенін өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызы бұл бейнебаянында ұлы мен қызын түсірген. Сонымен қатар, басты рөлдердің бірін танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов сомдады. 

- Бұл ән 2009 жылы жарыққа шықты. Керемет әннің дүниеге келуіне себепкер болған Саят досым мен сазгер Бағлан Омаров ағам. Тамаша ән үшін Бағлан аға сізге мың алғыс. Сөзін жазған аға досым, марқұм Есенқұл Жақыпбеков ағам тыңдап, оң бағасын беріп еді. Көптен бері осы әнге тарихи бір жақсы дүние түсіруді армандап жүрдім. Бүгін міне шүкір сол арманым орындалды Осы туындының режиссері Теменов Талғат ағама, өтінішімді жерге қалдырмай басты рөлді сомдап берген, қазақ өнерінің мэтрі Тұңғышбай Жамақұлов ағама және түсірілім тобына, атсалысқан достарыма, іні-қарындастарыма алғыстан басқа айтарым жоқ. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді. Береке бірліктің арқасында тамаша туынды өмірге келді деп ойлаймын, - деп жазды "МузАрт" әншісі. 

Тыңдармандар Бесбаевтың бұл туындысын жылы қабылдап, өзінің оң бағасын берді. Оған қоса, бірқатар өнер иелері де Мейрамбектің бейнебаянына тәнті болған. 

- Керемет бейнебаян құтты болсын! Абухайырға әкесінің керемет өнерін берсін Алла жар болсын!", "Өміріміз өтіп жатыр аққан судай жылжып ағып шынымен шіркін! Керемет өлең!", "Екі дәуірдің тоғысқан сәті. Кинодан үзінді сияқты. Клип құтты болсын!", "Абухайырдың өнердегі қадамы құтты болсын! Тек қана ақ жол! Керемет туынды, - деп жазды олар. 

View this post on Instagram

Публикация от

Заттыбек Көпбосынұлы хан сарайындай үйін 182 миллионға сатпақ (фото)
«Ееех, шіркін-ай» - Қарақат Әбілдина жан сырын ақтарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу