Бүркіт жарылыстан қаза тапқан досына жантебірентерлік жазба арнады (видео)
Танымал әнші Беркут Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орын алған жарылыстан қаза болған досы Мейіржан Аймановқа әсерлі жазба арнады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Соңғы рет Мейіржанды Тараздағы үйімізге наурыз айында шақырып көріскен едім. Соңғы рет көріскенім. Жаның жәннатта болсын, досым! Бірінші сыныптан бірге оқып, бірге өсіп. Неге кеттің? Сенің фамилияң класс журналында бірінші боп тұрушы еді, "А" әрпіне басталатындықтан. Жатқан жерің торқа болсын... #мейржанайманов Құстай ұшып кеттің... - деп жазды әнші.
Әншінің әсерлі жазбасына желі қолданушылары пікірлерін қалдыруда.
- "Досыңның арты қайырлы болсын. Балалық күннен бірге өскен достың жөні бөлек әрине. Алла туыстарына сабыр берсін. Жаны жәннәттық болсын", "Иманды болсын. Жаны жанатта БОЛСЫН