Тамара Асар екінші сәбиін дүниеге әкелді (фото)
Қазақстандық әнші Тамара Асар қыз дүниеге әкелді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында хабарлады.
Сүйінші жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
- Апа, мен Қарақатқа барып келейін, ауылынан мамасы келіпті, амандасамын, сосын ол кісіден бір нәрсе сұрауым керек еді-дедім.
-Барғың келсе бар, жолда абай бол, қасыңда сенімді ерадам болса әрине -деді.
Көрші тұратын Қыдекем мен Қарақаттың үйіне ұзаааақ жиналдым.
Бір кезде шешем,
-күн суықтау сияқты жылы киінші-деді,де шкафтың түп жағына қолын зорға созып, ішіне кіріп кете жаздап, иін-тіресіп тұрған көп киімнің ішінен әрең дегенде бір пальтоны суырып шығарып алды. Сол пальтоны алғанша терлеп те кеткен, қолына ұстап алып, қағып-сілкіп жатыр. Маған таныс пальто:
-Мынау менің жас күнімде киген бәлтем, әкең алты айдың жалақысын жинап сатып әперген. Жарықтықты сақтап жүргенмін бір керекке жарар деп, қарашы әлі су жаңа мә киіп ал. Өзі жып-жылы, бағасы да арзан емес. Әке мен шешеден көз болған, жылумен сұлуын жоғалтпаған әдемі бәлтені киіп шықсаң, саған бүкіл ел қызығатын шығар-деп кигізіп тұрып:
-Мәәә құйып қойғандай шап-шақ екен,жараса қалды-деді де қатты құшақтап тұрып, бетіме тіке қарады да, есікті өзі ашып, көзімен қолымен жол көрсеткендей болды.
ТҮСІМ ЕКЕН.
Оянып кетіп, төбеге қарап ойланып,өздігімнен күбірлеп,түсімді жори бастадым: Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген , оның үстіне жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда… МЕН ДЕ… ШЫН БА? - дедім де қуанғаннан көзімнен жасым мөлт еткіздім…
Өмерге бұйырса бүгін Ажар Жұмашқызы келді… шүкір Аллаға деп жазды Тамара Асар.
Бұған дейін Тамара Асар тұрмыс құрған ер азаматы жайлы жазған болатын.
- "Темірден түйін түйген, еңбекқор, ата-бабасы Ресейде туған, өз ата-анасы бақилық болған, өзі өмір көрген, болмысымды құрмет тұтатын Жұмаш деген өзіммен құрдас кәсіпкер азамат маған үйленді. Өзім де іштей "мендей келіншек дәл осы азаматтың шәйін қайнатып, отын тұтатуы керек" деген ойға тоқтадым", - деп жазды әнші.
Тамара Асар 1976 жылы Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында туған. 2014 жылы "Құрмет" орденінің иегері атанды.
Ер жеткен Қамбар есімді ұлы бар.