«Маған берген сынақты сіздерге бермесін» - Жахан Отарғалиев

Oinet.kz 04-08-2021 4422

Танымал актер Жахан Отарғалиев жары Балжан Бидаш екеуі не себепті балалы болмай жүргендеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz.  

Жахан мен Балжан.jpg

Жахан Отарғалиев көптің көкейінде жүрген сұраққа Instagram парақшасы арқылы жауап берді. 

- "Соңғы уақыттары маған жиі қойылып кеткен сұрақ “Қашан әке атанасың, үйленгендеріңе біраз болды ғой?”. Біреулер шын жаны ашып айтса, ал біреулер әдейі сұрайды. Менің ең басты арманым ол - әке атану. Аллах құранда айтқан қалағанына қыз, қалағанына ұл беремін, ал қалағаныңды бедеу қылып қоямын деген. Бұл да сынақ шығар. Өйткені Аллах баламен де сынайды. Мысалы қазір қанша бала өмірге ауыру болып келіп жатыр, инстаграмды ашып қарасаң балама көмектесіндерші деген қаншама видео көреміз. Керісінше Аллах мені қорғап жатқан шығар, не десекте маңдайыма жазғанын көреміз. Үйленді болды бірден бала болу керек деген шарт жоқ. Естеріңде болсын біреуге күлме сол күн өзіңе келмесіне кім кепіл. Аллах маған берген қандай да сынақты сіздерге бермесін. Осымен бұл тақырыпты жабайық, жақсы ойда болайық. Өйткені уақыты келгенде шаңнын тозаңындай нәрсеге жауап беретін кезге жақындап келе жатырмыз. Қазір ең бастысы көбірек сауапты іс, жақсылық жасауға ұмтылайық", - деп ағынан жарылды Жахан. 

Желі қолданушылары актерге барынша қолдау білдіріп, өз ыстық ықыласын жеткізді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жахан Утаргалиев (@zhahan_utargaliyev)

Анасымен билеген Айгүл Иманбаева көпшілікті сүйсіндірді (видео)
Той болмай «Аш қалған» әнші-тамадалар билікке қарсы шықты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу