Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
15-01-2024
Танымал вайнер, кәсіпкер, Instagram әлеуметтік желісінде Jasik JJJ есімімен танылған Жақсылық "Бөкей" арнасына берген сұхбатында қалай байығаны туралы айтып берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Жақсылық халықты несиеге жоламауға шақырды. Несие берекені қашыратынын, халық қаржылық тұрғыда сауатты болууын сұрады.
- Мен ешқашан несиеге жолаған емеспін. Кредит деген нәрсеге қарсымын. Өйткені кредит адамды қарызға тығып тастайды. Қазір адамдар 80-100 мың теңге тұратын телефондарды несиеге 500 мыңға алып жатыр. Құдды несиені төлемейтіндей алады. Түбі төлейсің ғой. 500 мыңға машина алуға болады ғой. Тамақ ішу үшін телефонын өткізетіндер бар. Мен оларға жаным ашып, кішкене қиындыққа бола несие алмауын сұраймын. Бірақ мүлде түсінбейді адамдар. Адамдар 150 мың теңге жалақымен несиеге телефон алады. Сосын телефонды ломбардқа қойып тағы несие алады. Ломбардтың да пайызы бар. Пәтерақысы, ішіп-жейтін тамағы бар. Содан кейін жалақы ештеңеден артылмайды. Сол себепті де несиенің үстіне несие аламыз. Сол себепті қазақтар біз байымаймыз. Үкіметті кінәлі, кінәлі дейміз, бірақ кінәні өзімізден іздемейміз, - деді Жақсылық.
Вайнер халықты жылт еткен дүниеге, оңай олжаға құмар болмауға шақырды.
- Кезінде бізде көп қиындық көрдік. Вокзалда түнеген кезім болды. Бірақ мен қанша қиналсам да кредитке мүлде жоламадым. Байлық тек еңбек арқылы келеді, - дейді Jasik JJJ.