Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады.
- Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі кезде вакцина салғандардың 17 пайызы мұғалімдер. Ведомство бізге тиісті ақпаратты беріп отыр. Жалпы, мұғалімдер вакцинаны өз еркімен алды, ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ министр ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде әріптестерімді өз еркімен вакцинаны салдыруға, ғылымға сенуіне шақырамын, - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, бұл қадамдар мұғалімнің өзінің қауіпсіздігіне, мектепте оқып жатқан балалардың, ұжым мен отбасының қауіпсіздігіне арналып отыр.
- Сондықтан біздің сарапшыларға сеніп, вакцинаны дер кезінде салдырып, тиісті жағдай жасайды деп үміттенемін, - деді А. Аймағамбетов.