Оқушысын сыныптастарының алдында масқарадан құтқарып қалған ұстаз
Күзгі кеш. Көшеде жасы 60-ты еңсерген кісі кетіп барады. Оны 30 жастағы жігіт артынан қуып жетеді.
- Ұстаз, мені есіңізге түсіре алдыңыз ба?
- Жоқ, - деді мұғалім.
- Қалайша? Балалық кез. Сол күні мен сыныптасымның сағатын ұрлап алған едім. Әлгі бала сағатының жоғалғанын айтып, оқушылар дүрліге бастады. Сосын сіз барлығымызға тақта алдында көзімізді жұмып тұруды бұйырып, қалтамызды тексере бастадыңыз. Барлығымызды тексеріп, кезек маған да жетті. Қалтамнан сағат табылғанымен, сіз тексеруді тоқтатпай әрі қарай өтіп кеттіңіз. Соңында сағатты иесіне тапсырып, бірақ, қай қалтадан шыққанын айтпадыңыз. Бәріміз аң- таң. Тіпті, кейін мені шақырып ұрыспадыңыз. Енді есіңізге түстім ба? - деп сұрады .
- Жоқ, - деді мұғалім. Сол күні мен де сендерді көзімді жұмып тексерген едім, - депті.
Жігіт сол жерде ұстазын құшақтап жылап жіберді.