Той болмай «Аш қалған» әнші-тамадалар билікке қарсы шықты (видео)

Oinet.kz 04-08-2021 14290

Танымал әзілкеш әрі шоумен Нұрболхан Шарапов той-томалақты тексеріп жүрген мониторингтік топ мүшелерін сынға алды. Оларға арналған сын-пікірін Instagram парақшасына жазды. 

той.jpg

- Видеоны соңына дейiн көрiп алыңыз. Сен жайдарманшылардың көз алдында өстiң ғой, Дәулет  @daulet_karibek Зерттей келе, бұл Дәулеттiң қолына билiк пен ақша берсең болды екен? Бұл Дәулеттi кезiнде ешкiм танымайтын. Тiптi оны ел танымаса да, жайдарманшылар сахна артында мынау жюриде няғып отыр (боқтап айтатын едi) деп жындары келетiн. Мiне, қазiр сол Дәулетке тiл мен қанат бiтiп, Халыққа әкiреңдеп тiстенiп сөйлейтiн бопты? 90-ы жылғы бала деп кiм айтады? Бұрын, жастар саясатында, Жас Отанда, Тоқаевтың сайлау алды штабының жетекшiсi болған. Ендi, Жамбыл облысының зам әкiмi бопты. Қалам мен қағаздары қолдарында жүретiн жiгiт қой. Любой кезде жазып жiберетiн. Бұлай көтерiлмей-ақ қойдым. Халық батырларын бiлiп жүрсiн. Жарайсың, Дәулет! Мына түрiңмен әлi көпке дейiн шабасың - деп жазды әзілкеш.

Ал, белгілі әнші Абай Бегей елдегі, халық арасындағы көптеген азаматтар той арқылы табысын тауып, күнкөріс қамын жасап жүргенін алға тартып, өз пікірін Instagram парақшасында жазды. 

- Құрметті ағайындар! Байқаңыздар… Тойларда тек асаба, муз-тар емес. Аспаздар, офисиант, офисианткалар, фото видео, күзетшілер т. б Құтырғаннан, еріккеннен жүрген ешкім жоқ. Бала шаға бағу, кредит жабу, пәтер ақысын төлеу т.б деген сияқты күн көрістері ғой… Баршамызға АЛЛА жар болсын! - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нурболхан Шарапов (@nurbolkhan_sharap)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ABAI BEGEI (@abai_begei)

«Маған берген сынақты сіздерге бермесін» - Жахан Отарғалиев
Жанар Айжанованың қызының жаңа образы елдің ашуына тиді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу