Мейрамбек пен Мұқасан елді күлкіге қарық қылып, желіні жарды (фото, видео)
Қазақ эстрадасының белді мүшесі Мейрамбек Бесбаев пен Мұқасан Шахзадаев қазіргі таңда жастар арасында трендке айналған тик-ток желісі арқылы әзіл видео түсірген. Орта буын өкілдері бұл қылығымен елді күлкіге қарық қылды. Бұл видеоны Мейрамбек Беспаев Instagram парақшасында жариялады.
Қос әнші бірігіп, "қаспен билеп", әлемге танымал әуенге аузын жыбырлатып айтқан. Видеоның күлкілі шыққаны соншалық, аз уақытта жарты миллионнан аса қаралым жинаған.
Сырт көзге байсалды, сабырлы көрінетін өнер иелерінен мұндай қылықты халық қана емес, әріптестері де күтпесе керек. Олар пікірлерін жаңбырша жаудыруда.
- "Неге дуэтті екеуіңіз де бірінші дауыста айтып тұрсыздар ағау", "Осы дуэтті нақ осы əнімен анамның 85жылдық тойына шақырсам деп отырмын", "Көңілді бір көтеріп қойдыңыз", "Күшті екен, әнші мырзалар!", "Сендерге қосылу үшін анандай қас керек шығар, я?", "Не деген бір-біріңізді түсінушілік дейм да", “Шапалақты ұрып қаспенен, күшті билеп қояды екенсіздер баспенен”, – деп пікір білдірді желі қолданушылары.