Танымал блогер тұңғыш рет әке атанды (видео)
Қазақстындық белгілі блогер Дархан Жолшыбеков ұлды болды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында қуана хабарлады.
- Қош келдің ұлым! 22.07.2021, 06:03. Махаббатым менің @daricorn.rr сәби үшін үлкен рақмет! Барлық құттықтаулар қабылданады. Аллаға шүкір! - деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогердің қуанышымен бөлісіп, жарыса құттықтауда.
- "Бауы берік болсын!", "Құттықтаймын! Үлкен Жігіт болсын", "Бауы берік болсын! Алла ұзақ ғұмыр берсін", "Дари жарайсыз! Мен сізді жақсы көремін", "Құтты болсынн ұлың өзіңе ұқсаған ақ көңіл жігіт болсын", "Әке атануыңызбен құттықтаймын", "Құттықтаймын!!!! Бауы берік болсын! Ең бастысы ауырмасын", "Тіл көзден аман болсын", "Құтты болсын. Әке болуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Алла Жар болсын. Алланың мейіріміне бөленіңіздер" - деп жазды олар.