Домбыра маусымы басталды
12-04-2024
"Шаншар" әзіл сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Тұңғышбай Жаманқұлов арасындағы даулы мәселе туралы баяндады. Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасында айтты.
- Айта алатыным Тұқаң екеуінің арасында айтылатын әңгімелер көп. Ол теледидарға да шықты. Жан-жақты талқыланды. Қанша жеп қойды, ішіп қойды дегенмен де Тұқаңды олай қинамауы керек еді. Мен Ресейде білем Никита Михалков 40 миллионға кино, трилогия түсіретін болған. Бастаған басын, кейін түсірмейтін болып шыққан. Дұрыс емес болып шыққан. Сосын бірталай қарыз болған кезде Үкімет оны кешірген. Ал, бұл кісі тоқтатқан жоқ қой киносын. Тоқтаттырып тастады ғой. Жаптырып тастап, қаржыны қайтарасыңдар деді. Мен осы нәрсені ғана білемін. Ал, сол кезде Тұқаңа ондай қатты қысастық жасамай-ақ Арекең елдің алдында жылу жинаңдар десе де жинап берер едік - дейді әртіс.
Сонымен қатар, Уәлибек Әбдірайымов Арыстанбек Мұхамедиұлы туралы да сөз қозғады.
- Енді ол министр, Үкімет адамы. Ал, бұл кісі кім? Бұл кісі Жүргеновте ұстаз, режиссер. Бұлар Үкімет адамдары мұны талаттырмайды. Қарға қарғаның көзін шұқымайды. Сондықтан да олар өздерінің дұрыс екендігін дәлелдеп шығады. Біз бөлінген қаржыны талан таражға сала береміз бе осылай - деді Уәлибек Әбдірайымов.
Еске сала кетейік, Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты (69 миллион теңге) жымқырды деп айыпталған болатын.