Алтынай Жорабаева күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Oinet.kz 02-04-2021 3508

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева жолдасын туған күнімен ерекше тілегімен құттықтады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Алтынай мен күйеуі.jpg

- Әлеміме еніп, өмірімді өзгерткен ЖАН! Туған күніңмен жәннатым (Ин Шаа Алла). Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін! Екі дүниенің абыройын,бақытын берсін! Әйел бақытын сезіндірген, бойымдағы нәзіктік пен еркелікті оятқан қамқоршым. Осыдан біраз уақыт бұрын, отбасылық өмірімді дәл бұлай елестете де алмас едім. Сен келдің де ертегіге айналдырдың. Қыздарымның папамыз деп тұрғаны да , таңдауымның туралығын дәлелдеп тұрғандай. Мені сүйгенің үшін Сүйем. Қыздарымды жақсы көргенің үшін, жақсы көрем. Бір-бірімізді толықтырып қосылған бір бүтінбіз Ин Шаа Алла . Сен - Менсің! Мен - Сенмін! Өзіңді Өзімдей жақсы көрем. Өзіме тілегенімді, қалағанымды саған да қалаймын. Тілегім жүрегімде. Армандарымыз дұғамда. Қалғаны жеке айтылар. Алла берген ғұмырын бірге кешуді жазсын, асыл жарым - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Алтынайдың ізгі тілегіне желі қолданушылары да қосылып, жылы лебіздерін білдіруде.

- "Алишканың туған күні құтты болсын! Жәннатың аман болсын! Бақытты болыңдар!", "Біреулер бауыр еті баласынан безіп жүрсе, біреулер басқаның баласын бауырына басып, мейірім көрсетуде. Адаспай қонған бағыңыз баянды болсын", "Ең керемет бақыт ғой әйел бақытын сезіну,мәңгілік болсын!", "Әр адам бақытты болуға жаралған. Алтынай жан жарынызбен әрқашан бақытты болыныздар!", "Әр әйел бақытты болуға лайықты. Әттең ерте кездескендеріңізде ғой, Аллам қос аққудай бір жүріп, бір картаюға жазсын. Сіз үшін қуаныштымын Алтынай", "Алтынай ханым бақытты болыңыз,ұлды болыңыз,сіз сияқты әйел азаматы бақытты болуға лайықты, әйел бақытын тілеймін" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

«Жұмабектің бажасы» ән шығарды (видео)
Әнші Айқын байқамай сөйлеп, халықтың сынына қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу