Димаш Қазақстанның денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты

Oinet.kz 12-03-2021 1876

Димаш Құдайберген Қазақстанның денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты, деп хабарлайды Oinet.kz.

Димаш Құдайберген.jpg

Бұл туралы C.U.R.E үкіметтік емес қайырымдылық қорының президенті Дуглас Джексон мәлім етті.

- Димаш C.U.R.E жобасының амбассадоры ретінде Халықаралық әйелдер күнінде онлайн форматтағы тойлау шарасына қатысып, ән салды. Одан түскен шамамен жарты миллион доллар ақша дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсау үшін Қазақстанға табысталады, - деді ол.

Онлайн форматта өткен шарада Димаш сөз сөйледі. Одан соң қиын-қыстау - пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне арналған әнінің бейнебаяны көрсетілді.

- Димаш жылдың басында онлайн концерт өткізді. Одан түскен табыстың бір бөлігін ол Қазақстанның денсаулық саласына берді. 500 миллион доллар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар сатып алу үшін жұмсалатыны айтылды. Осы жағдай біздің онымен жақын танысуымызға түрткі болды. Сөйтіп оны өзіміздің бас амбассадорымыз ретінде тағайындадық. Оның медицина қызметкерлерінің жанкештілігі мен қаһармандығына арналған әні бар, - делінеді қосымша ақпаратта.

дереккөз: azattyq-ruhy.kz

Әнші Жазира Байырбековаға қастандық жасап жүрген кім?
«Көзімнен жас домалай берді» - Гүлзира Айдарбекова (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу