Әнші Жазира Байырбековаға қастандық жасап жүрген кім?
Белгілі әнші Жазира бАйырбекова өзіне әлдекімдердің дұшпандық әрекет жасамақ болғанын жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- @zhazira.salon ға біреу қағазға оралған түйіншек тығып, көрінбейтін жерге қалдырып кетіпті.Түйіншекті ашып көрсе ішінде жіпке оралған ине және майдалап қиылған жіптер жатыр. Үлкендерден сұрасақ “дұшпандардың қастандық жасағысы келген әрекеті” - дейді. Ешқандай дұшпанымыз жоқ сияқты еді. Мұндай жағдайда не істеуіміз керек? @zhazira.salon 3-4 күн бойы құран қойып қойсақ келушілер ренжімейтін шығар. Ұқсас оқиғалар кімде болды? - деп жазды әнші.
Мұны оқыған желі қолданушылары таңданысын білдіріп, әншіге түрлі кеңестерін жарыса жазуда.
- "Жетістігіңізді көре алмаған адам шығар. Мұсылманның қорғаны дұға, дұғада болыңыз, ықылас, фәлақ, нас сүрелерін көп оқысаңыз тіл көзден, ұшықтан қорғайды", "Түйіншекті ағып жатқан суға лақтырып арқаға қарамай кету керек жамандықтың бәрі сумен ақсын деп. Сосын салонды адыраспанмен аластап сүре іліп қойғанның зияны жоқ. Тастаған зат жайлы ойламаңыз", "Алла сақтасын бәлесі өздерімен кетсін жаман ниетпен істеп жүрсе", "Түйіншекке дуа жасайтындардың тірлігі ғой. Бақара сүресін көбірек оқу керек! Алла сақтасын!", "Ештеңе болмайды өзің жаман ойдан аулақ бол сыртқа көмдіріп таста ырымы қырымға кетсін бір Алла жар болсын", "Суға ағызып жіберіңдер, Жазира!!! Тездетіп, сосын оған қарап тұрма" - деп жазды желі қолданушылары.