«Күмәнданғандар да жоқ емес» - Сәкен Майғазиев Мейрамбек туралы
Отандық белгілі әнші Сәкен Майғазиев өнердегі досы Мейрамбек Беспаевтың қазіргі ахуалы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, әншінің коронавирусқа шалдыққанына күмән келтіргендерге оның диагнозын көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында жазды.
- Миллиондаған тілектер, мыңдаған пікірлер, сансыз сұрақтар. Мейрамбек досыммен хабарласып отырмыз. Журналистер де жиі хабарласып жатыр. Алла разы болсын. Күмәнданғандар да жоқ емес. Бірақ жауап бере кетейін. Жалпы диагноз мынадай екен: "Пациент Бесбаев Мейрамбек 16.01 был доставлен в приемный покой ГКБ7 г. Алматы бригадой СМП в тяжелом состоянии, нестабильной гемодинамикой, был экстренно госпитализирован в реанимационное отделение. 1 сутки пробыл в реанимации, затем после стабилизации состояния был переведен в инфекционное отделение ГКБ7. Все необходимые обследования проведены, лечение получает по протоколу МЗ РК. Состояние стабилизировано, с улучшением. По согласованию главного внештатного инфекциониста переводится в новый госпиталь для пациентов с COVID-19." Баршаңызды бір Алла қолдап жүрсін - деді Сәкен Майғазиев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram