Айгүл Иманбаеваның әкесі актерді құлдықта ұстағаны рас па? (видео)

Oinet.kz 21-01-2021 2427

Отандық танымал әнші Айгүл Иманбаеваның әкесі Кенже есімді азаматқа төрт ай қойын бақтырып, еңбек ақысын өтемеген көрінеді. Бұл туралы отандық "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Айгүл Иманбаева мен әкесі.jpg

Қазіргі таңда, "Астарлы ақиқат" бағдарламасында "Құлдықтағы королева" атауымен жаңа бөлім жүріп жатыр. Онда, Сарбиноз есімді келіншектің құлдықтағы тағдыры туралы баян етілуде. Өзін жиырма қойға айырбастап кеткен күйеуі туралы желі арқылы бір жігітке айтқан. Ол құлдықта отырғанын жеткізіп, құтқаруын өтінген. Алайда күйеуі Кенже Ешимов оны жоққа шығарып отыр.

- Мен төрт ай Серік Иманбаевтың үйінде қой бақтым. Төрт ай мені жұмыс жасатып, ақымды берген жоқ. Басында сені ренжітпеймін ақыңды беремін деген келісім болған. Алайда ешқандай қаражат берген жоқ. Содан ол жақтан кетіп қалдым - дейді Кенже.

Ал келіншегі болса сол жақта өз еркімен қалған екен. Жігіттің айтуынша, ешқандай да құлдықта отырған жоқ.  Қазіргі таңда Кенже мен Сарбиноз екі жақта. Араларында болған ұзақ оқиғаның шешімі әлі де табылмады 

- "Айгүл Иманбаеваның әкесі сондай адам ба екен не? Олай ойламадым","Мәссаған, біреудің ақысын жеу жаман ғой","Енді ақшасын қайтаратын шығар","Ондай адамдар деп ойламаппын" - деп пікір жазуда желі қоданушылары.

«Күмәнданғандар да жоқ емес» - Сәкен Майғазиев Мейрамбек туралы
Рамазан Стамғазиев өмірдегі ең үлкен өкінішін айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу