Мәжіліс депутаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кемшіліктеріне тоқталды
Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай "Рухани жаңғыру" бағдарламасының кемшіліктеріне тоқталды. Жұмысы әп-әдемі басталған бағдарламаның соңы сиырқұйымшықтанып кетті. Бұл туралы депутат Түркістан төрінде өткен кездесуде мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Бізде жұрт өздері жақсы түсінбейтін саясат және экономика сияқты нәрсені көп айтады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жұрттың бәрі айтсын деп қайта-қайта қайталап құрдымға жіберді. Ал негізінде оның мағынасы өте дұрыс еді. Ауған соғысынан қайтқандарды да "Рухани жаңғыру" бағдарламасына кіргізіп жіберді", - деді Дархан Мыңбай.