Ақан Сатаев туған күнін отбасымен бірге өткізді (фото)

Oinet.kz 28-12-2020 1466

Жақында ғана 49 жасқа толған Ақан Сатаев туған күнін отбасымен бірге өткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. Жанұясының суретін режиссер Instagram парақшасында жүктеді.

Ақан Сатаев отбасы.png

Ақан Сатаев жаңа жасын тек ет-жақындарымен бірге қарсы алған. Белгілі режиссер туған күн кешінде барлық балаларының басын қосқан. Атаулы күнге кино маманының бұрынғы әйелі Назира Бақаева да барған. Жұлдызды отбасы отағасының 49 жасын тойлату үшін Алматы тауларында орналасқан демалыс орнын таңдаған. Фотода Ақан Сатаев пен Назира Бақаеваның бала-шағасымен бірге бақытты болып отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары бірден туған күн иесінқұттықтап, оған өз ақ тілектерін білдірді. Сонымен қатар, олардың барлығы дерлік жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға жылы лебіздерін жеткізді.

- "Недеген керемет көрініс" , "Бақытты отбасы" , "Сіздерден үлгі аламыз. Мақтауға тұрарлық отбасысыздар" , "Ақан аға туған күніңізбен. Бақытты болыңыз" ,- деп жазуда көпшілік.

Назира Бақаева экс-жолдасына әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба арнап, оны ерекше құттықтады. Ол бұрынғы күйеуіне бақытқа толы 25 жылды бірге өткізгені үшін алғысын айтып, мұрағаттағы фотоларды жариялап қойды.

- Ақан, туған күніңмен! Саған деген алғысым шексіз. Бақытқа толы болған 25 жыл үшін рахмет! Денің сау болсын, ұзақ жаса. Сәттілік саған серік болып, алға қойған мақсаттарыңа жете бер. Бар жақсылықты тілеймін, - деп жазды Сатаевтың бұрынғы әйелі.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akan Satayev (@akansatayev)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от N A Z I R A

Айгүл Иманбаеваның жас кезіндегі фотосы көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Ләйлә Сұлтанқызы: Автобусқа отыратын ақша жоқ, жаяу жүретінмін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу