Сиви Махмуди - «Әрбір қазақтың қызы мендей-ақ болсын»
Қазақстандық әнші Сиви Махмұди сахнадан көрінбегенімен, тыңдармандарының үнемі көз алдында. Тойға да шығады, қыз да ұзатады. Желіде белсенді. Өзі туралы айтылған пікірлерге дер кезінде жауап береді. Бұл жолы Жанар Хамитова туралы, өзінің шығармашылығы жайында сөз қозғады, деп хабарлайды Oinet.kz Stan.kz порталына сілтеме жасап.
Сиви Махмұдидің пікірінше, халық өзін қарапайымдылығы үшін жақсы көреді. Сол үшін де сұранысқа ие әнші қатарындамын дейді.
- "Мен қарапайым адаммын. Әке-шешемнен алған тәрбием бар. Адам қарапайым болған сайын құдай оған екі есе арттырып береді. Әрбір қазақтың қызы мен секілді болса ғой. Мәселен, мені желіде іздеушілер көп. Тойға шақырады, қыз ұзатуға шақырады. Даусымды ұнатады. Мен де даусым бар әншімін. Өз даусыммен ән айта аламын. Талай байқауларға қатысқанмын. Мендей байдың қызы, бойында таланты да бар, қасиеті де бар, қарапайымдылығы да бар әрбір қазақтың қызы мендей-ақ болсын. Халық мені қарапайымдылығым үшін жақсы көреді", - деді әнші.
Сиви Жанар Хамитовамен бірлесе жұмыс істеп, продюсер болғаны белгілі. Бүгінде Жанарды сағынатынын айтады. Аз ғана уақыт ішінде оған бауыр басып қалған екен.
- "Жанардың әруағы риза болсын деп оның қырқы өткенше ешкімге сұхбат берген жоқпын. Екі-үш ай экранға шыққан жоқпын. Енді ғана шығып жүрмін. Тіпті жаңа жылдық кешке барған жоқпын. Енді Жанардың асы берілетін уақытта оған құрметім ретінде кішігірім кеш ұйымдастырсам деймін. Жанар Қайрат Нұртаспен, Төреғалимен ән айтуды армандаған еді. Екі әншіні де концертіне шақырам деп жоспарлап отырмын. Нұржан Керменбаев та келеді деп ойлаймын , - деді Сиви.