Жанболат пен Жазираның ұлы жан сырын ақтарды

Oinet.kz 30-06-2020 6527

Қазақстандық танымал жұп Жанболат пен Жазираның ұлы өзіне жар болатын хас сұлу іздеуде. Алайда, махаббатқа келгенде жолы болмай жүргенін айтқан сері жігіт, болашақ жарын жақын ортадан іздеуге кіріскендігін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы қос әншінің ұлы Instagram парақшасында жазды. 

image.png

- Ата-анамның әріптестерімен құда болу маған бұйырмайтын сияқты. Танысымыз ғой, тіпті жақсы дейін десем, қыздарынан "жесткий отказдар" алып жүрмін. Тіпті танысып үлгермей. Оған қоса, ата-анамнан “сені менсінбей жатыр, сұлулығыңа күмәнданып отыр” дегенді естігенде күліп жібердім. Бірақ, шыны керек жылағым келіп кетті. Түрім қорқынышыты емес секілді. Қарамын, - деп жазды Қазбек Қожахметов.

Ал, желі қолданушылары Жанболат пен Жазираның ұлының бұл ойына түрліше пікірлерін білдіруде. 

- Түріңді не істейді. Адал жақсы болсаң болды емес па?, "Өзіңіз сияқты түрі модный қызды аласыз қорықпаңыз", "Ешкімді ортаға салмай, дұрыс подход жасау керек, походу", "Сендей жігіт тапса шүкір қылсын, сенен артық жігітке барамекен сол қыз кетсінші", - дейді желі қолданушылары. 

Сиви Махмуди - «Әрбір қазақтың қызы мендей-ақ болсын»
Сиви Махмуди Руслан Бөлебай екеуінің арасындағы махаббат хикаясын баяндады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу