Сиви Махмуди Руслан Бөлебай екеуінің арасындағы махаббат хикаясын баяндады
Белгілі қазақстандық әнші Сиви Махмуди марқұм Руслан Бөлебай екеуінің арасында болған махаббат хикаясын баяндады. Бастапқыда хайп ретінде жасалған дүние соңында шындыққа айналғандығын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz Stan.kz порталына сілтеме жасап.
Сиви 15 жылдан бері сахнада жүр. Бұл уақыт аралығында бірнеше хайп жасап үлгерді. Әнші елде хайп деген түсінік жоқ кезде хайп жасағанын айтады.
- Мен бұрыннан хайп жасаудың шебері едім. Ол кезде хайп деген жаңадан қалыптасып келе жатты. Пиар деген енді-енді айтылып жүрген кезде мен хайп жасайтынмын. Руслан Бөлебай екеуміз алғаш рет хайп жасадық. Екеумізді БАҚ "жүреді" деп жазды. Екеуміз солай келіскенбіз. Қыз бен жігіт болып жүреді деп хайп шығардық. Ол кезде дос едік. Осы ақпарат барлық жерде жазылып, айтылып жатты. Кейін екеуміз шынында да жүріп кеттік. Қыз-жігіт болып жүрдік, - деді Сиви.