Танымал әнші Бауыржан Ретбаев әке атанды

Oinet.kz 30-06-2020 1633

Қазақстандық белгілі әнші Бауыржан Ретбаев алғаш рет әке атанды. Өнер иесінің жары оған қыз бала сыйлаған. Ерлі-зайыптылардың жақындары мен достары желіде оларды жарыса құттықтауда, деп хабарлайды Oinet.kz. Жағымды жаңалықты әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті. 

image.png

Желі қолданушылары жас әкеге деген тілектерін жаудырып жатыр. 

- Кішкентайдың бауы берік болсын" , "Дені сау, ақылы көркіне сай ару болып өссін" , "Қызығына тоймай жүре беріңіз" , "Бақытты болсын балапан" , "Артынан іні-сіңлілері ере берсін" , "Әке атануыңызбен, бұл деген нағыз керемет сезім" , "Бауы берік болсын ағасы, жеңгеміз жарады" , "Бақыттарыңыз баянды болсын. Сәбилеріңіз көп болсын , - деп жазуда олар. 

Айта кетейік, Бауыржан Ретбаев пен оның сүйіктісі өткен жылы шаңырақ көтерген. Жеке өмірін жасырын ұстайтын әншінің үйлену тойы да көпшілік үшін күтпеген тосын сый болған. 

Сиви Махмуди Руслан Бөлебай екеуінің арасындағы махаббат хикаясын баяндады
Динагүл Тасова журналист Нұрсұлтан Құрманға үйленуге ұсыныс жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу