Динагүл Тасова журналист Нұрсұлтан Құрманға үйленуге ұсыныс жасады
Атышулы модель Динагүл Тасова тележүргізші Нұрсұлтан Құрманға үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Oinet.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.
Динагүл Тасова мен Нұрсұлтан Құрман оңаша кездесті. Бұл сәт видеокамераға түсіп қалды.
Кездесуде Динагүл сезімін білдіріп, Нұрсұлтанға ұсыныс айтты. Алайда мұндай ұсыныс күтпеген тележүргізуші басын алып қашты.
"Менің сенімен кездесудегі мақсатым - жеке өміріме қатысты ұсыныс айтсам деген едім. Жасым 30-ға келді. Сені көріп-біліп жүрмін. Күйеу жігіт ретінде таңдап отырмын. Саған үйленуге ұсыныс айтсам қалай қарайсың? Қызың бар ма?", - деді ашық түрде Динагүл Тасова.
Бұндай ұсыныс күтпеген Нұрсұлтан бірден үзілді-кесілді бас тартты.
"Менің сүйіктім бар. Кездесіп жүрген адамым бар. Менде бәрі дұрыс. Өз өміріме ризамын. Бұл өмір ғой. Саған үйлене алмаймын", - деді ол.
Тележүргізуші берер минутқа сыртқа шығып кетті.
"Сен мүмкін ойланып көресің, барлық айтқаныңды істеймін", - деп жалынды Динагүл.
Нұрсұлтан Құрман оның ұсынысына ойланып та көре алмайтынын айтты. Дереу ол жерден кетуге асықты. Қоштасу кезінде Тасова мұның пранк екенін айтты. Достарымен бірге жасырын камера алдында Нұрсұлтан Құрманды қармаққа түсіргенін жеткізді.
Қобалжып қалған Нұрсұлтан Құрман ақыры әзіл екенін түсінді.
"Мен бұлай бірден бетімді қайтарып тастайды деп ойлаған жоқпын. Оның қызы бар екен. Менен бас тартып тұр. Мен өмірімде жігітке сөз айтып көрмеппін. Және бірден бас тартты", - деді модель.