«Ақбота Керімбекованың тыңдауға тұрарлық әндері де жоқ» - Сиви Махмуди

Oinet.kz 29-06-2020 9017

Сиви Махмұди өзін әнші деп есептемейті Ақбота Керімбековаға ешқандай реніші жоқ екендігін жеткізді. Өзгелердің пікірі маған әсер етпейді дейді. Тіпті Керімбекованың өзінің тыңдайтын әні жоқ екендігін айтып, өткір сынға алды, деп хабарлайды Oinet.kz Stan.kz порталына сілтеме жасап.  

image.png

Сиви ханым Керімбекованың тыңдауға тұрарлық әні жоқ деп отыр. Себебі жұмыс істемейді. Бұрынғы шыққан 1-2 әні ғана бар деген ойын айтты. Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Керімбекова Сивиді әнші ретінде мойындамайтынын айтқан еді. Бұл пікірі Сивиге ұнамағаны рас. Оған жауап та беріп үлгерді.  

- "Ақбота әпкеге рахмет айтамын. Сондай әншінің мен туралы айтқанының өзі үлкен мәртебе. Мен ешкім болмасам, мен туралы айтпас еді. Ол кісі әнші емес деп айтты деп мен әнші болмай қалмаймын. Мен өзіндік даусы бар әншімін. Басқалар секілді өзгенің даусымен ән айтып жүрген жоқпын. Халық менің даусымды ұнатады. Желіде пікір жазып жатады. Барлық кезде өз даусыммен ән айта алатын, одан қашпайтын адаммын. Өзімді әншімін деп есептеймін", - деді Сиви. 

Сиви Махмұди: Мен байдың қызымын, талантым да бар, қасиетім де бар, әрбір қазақтың қызы мендей-ақ болсын

Айтуынша, Керімбекова шығармашылығына көп көңіл бөлмейді. Тыңдауға лайық әні жоқ. 

- "Ақбота Керімбекова жақсы әнші. Даусы бар. Бірақ тыңдайтын әні жоқ. Бұрын бір-екі әнін тыңдап жүргенбіз. Қазір жұмыс жасамайды. Мен де жұмыс жасамаймын. Мен үш баламен үйде отырған адаммын. Үйде отырған адамды осылай сынаудың өзі дұрыс емес", - деді Сиви Махмұди. 

Әнші Айқыннан коронавирус анықталды (фото)
Сиви Махмуди - «Әрбір қазақтың қызы мендей-ақ болсын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу