Қазақстандық танымал жұп сәбилеріне елде жоқ есім берді

Oinet.kz 25-05-2020 8082

Елімізде әлеуметтік желі арқылы танымалдылыққа ие болған әзілкеш Мейіржан Төребаевтың отбасында қуанышты жағдай. Танымал вайнердің жұбайы Дана Есеева бесінші сәбиін дүниеге әкелді. Ерлі-зайыптылар 23 мамыр күні ұлды болған, деп хабарлайды Oinet.kz порталы.

image.png

Бақыттан басы айналған көпбалалы әке қуанышты жағалығымен бірден желіде бөліскен. Мейіржан Төребаев Instagram парақшасында оқырмандарынан сүйінші сұрап, балалы болғанын жария салды.

- "Барша құттықтаулар мен қолдауларыңызға үлкен рахмет. Дана сағат 11:30-да босанды. Әжесі ұлымызға "Жантөре" деген есім берді" , - деп жазды ол.

Танымал әзілкеш пен оның жары енді бес баланың ата-анасы атанды. Олардың дүниеге енді келген сәбиінен басқа, тағы үш ұлы мен бір қызы бар.

Желі қолданушылары желі жұлдыздарын жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жаудырып жатты.

«Садақаны ең көп беретін де әншілер» – Қарақат Әбілдина халыққа өкпелі
Қайрат Нұртас анасына теңдесі жоқ сыйлық тарту етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу