Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қазақстан ұлттық арнасындағы "Ниет" бағдарламасына қонақ болып келген Абайтанушы Омар Жәлелдің "Қыз тауар" деген сөзі "Хит" болған болатын. Ендігі кезекте ол "Хит" сөздерінің қатарын, тағы бір авторлық сөйлеммен толықтырды. Бұл сөзді ол "Ниет" бағдарламасында айтты деп хабарлайды Oinet.kz.
"Әйелі күйеуіне 2-3 әйел әперсе жұмаққа шауып кіреді", - дейді Омар Жәлел.
Ал, Омар Жәлелдің алдыңғы Хит сөзі де көпшілік талқыға түсіп, әлеуметтік желілерде әлі күнге дейін қызу талқыға түсуде.
«Өлген әруақ жер таңдамайды, отырып қалған қыз бай таңдамайды. Қыз - тауар. Ата-ана сол тауарды өткізуі керек. Тауарды өткізе алмаймын деу ата-анаға сын. Мен де қызыма тауар ретінде қараймын», - дейді профессор, Абайтанушы, философ, қоғам қайраткері Омар Жәлел.