Нұрболхан «Қалаулымның» артында кім тұрғанын анықтады

Oinet.kz 23-02-2020 12977

Осыдан тура алты күн бұрын атақты шоумен Нұрболхан Шарапов Айдын Жұмаханмен сұхбатының нәтижесінде "Қалаулым" жобасының бар шындығын ашқан болатын. Одан кейін бағдарламалық шоудың шеф-редакторы Шах-Керім Кәрмен мырза оларға қарсы жауап беріп, "instagram" парақшасында арнайы "видеожолдау" жасаған болатын. Бір-біріне толассыз оқ атып жатқан екі тараптың бірі Нұрболхан өзінің кезекті  разоблачениесінде "Қалаулым" жобасының артында кім тұрғанын анықтады. Бұл туралы Nurbol Khan Ютуб каналына сілтеме берген Oinet.kz хабарлайды.  

7e51013d-7124-4867-a6ea-cf48a3159ab0.jpg

- "Екі-үш күннің ішінде аудиозапись тарап кетті. Ол аудиозаписьта Шах пен Замираның сөйлескен аудиосы бар.  Шахтың Замираға неге сен инстаграм ашасың, неге сен "Қалаулымның" бар өтірігін саласың деп. Сол аудиозапись тарап кетті. Оны Замираның өзі түсірген. Ол жерде Шах Замираны қорқытады. Егер сол инстаграмда "Қалаулым" туралы бүкіл әшкере шындықтарды алып тастамасаң, сенің анаңды жұмыстан шығартамыз және сенің өзіңді сотқа береміз. 7 миллион теңге штраф төлейсің деп қорқытып жатыр. Егер өлгің келмесе инстаграмнан алып таста немесе инстаграмдағы записьтің бәрін өшір деп", - дейді Нұрболхан Шарапов. 

Осы запись шыққаннан кейін Шах пен Замира біз емес, біреулердің жасаған тірлігі деп ақталып жатқан көрінеді. Олардың айтқан әңгімесін Нұрболхан дәлел келтіре отырып көрсетіп берді.

Аудиозаписьті мұқият тыңдайтын болсаңыз, Шах-Керім мырзаның Замираға айтқан әңгіме ауанынан толықтай қоқаң-лоқының лебін аңғаруға болады. Шахтың айтуы бойынша, ол Замираның анасын жұмыстан шығартып, 7 миллион теңге көлемінде штраф төлетуді мақсат етіп отыр. Тіпті, анасы жұмыстан шығып "кешірші  балам, мен қызыма айтайын" деген сөзді естіртуге дейін баратынын жеткізуде. Анаң осы сөздерді айтса ғана инстаргамыңды өшіресің бе? - деп ашықтан ашық қоқан лоқы көрсетуде.

- "Өлетін бала молаға қарай жүгіреді дейді ғой. Жасама деген нәрсені жасап жатсың.Инстаграмға тікелей эфирге шығып айтатын болсаң штрафыңды екі есе өсіреміз және "Қалаулым" туралы бірдеңе айтатын болсаң  сен емес, сенің мамаң да азап шегетін болады. Бұл бағдарламаны байсалды адамдар басқарып отыр", - дейді Шах-Керім Кәрмен аудиозаписьта.

"Қалаулымның соңында үлкен саясат жатқан сыңайлы. Меніңше Қалаулымның соңында үлкен шенді адам отыр. Білмеймін кім екенін, бірақ үлкен шенді адамның отырғаны айдан анық. Себебі олардың мақсаты халықты надан қылу. Ал, билікке надандарды басқару өте оңай", - дейді әзілкеш.  

Жаңа заң! Эстрада жұлдыздары енді фонограмма қолдана алмайды!
Омар Жәлел қандай әйел жұмаққа кіретінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу