Ілияс «бренд» аптасына қанша табыс табатынын айтты

Oinet.kz 19-02-2020

Елді дүрліктіріп, әлеуметтік желіге өзінің жаңа +21 "контентін" ұсынып жүрген Ілияс «тренд»  «Астарлы ақиқат» бағдарламасында өзінің қанша табыс табатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

5c1a10ad-eee6-435c-a622-71121c0f4870.jpg

Бағдарлама барысында өзін атақты актер, саясаткер және покер ойыншысы Дан Билзерянға ұқсатқан Ілияс «бренд» өзін көпшілікке жаңа контенттің авторы ретінде таныстырды. Сондай-ақ, тележүргізуші Дина Төлепбергеннің «Табысыңның нақты сомасы қанша?» деген сұрағына жауап берді. 

«Біз ақшаны аймен санамаймыз. Апталап санаймыз. Жеті күн бойынша қанша табыс кіргенін. 500 мың мен 1 миллион 500 мыңның арасы болады», - дейді Ілияс «бренд». 

Естеріңізге сала кетейік, біз Ілиястың «Астарлы ақиқат» жобасына қос оққағарымен келгенін жазған болатынбыз. 

Шах-Керім Кәрмен: Сендерден басқа сатқындар жоқ
Ілияс «бренд» Шырын Нарчаеваны не үшін қолдамайтынын айтты


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×