Шах-Керім Кәрмен: Сендерден басқа сатқындар жоқ

Oinet.kz 19-02-2020 14805

"Қалаулым сен" жобасының жетекшісі Шах-Керім Кәрмен өзінің инстаграм парақшасы арқылы қалаулымның экс-қатысушысы Айдын Жұмаханның Нұрболхан Шараповқа берген сұхбатында айтылған әңгімелерге кері жауап қатты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

0738875a-3fbc-4f13-bae0-2dc26f20a2a0 (1).jpg

- "Үндемей-ақ қоя салайын деп едім. Үндемеуге болмай жатыр. Жексенбі күні өмірімде интервью деп айтуға ұяларлық өте нашар интервью көрдім. Интервьюде екі қазақтың азаматы ас үйде отырған жеңгелерімізге ұқсап, интерьвю емес, өсек айтады. Өсек мен жайлы екен. Бір дәйегі, дәлелі жоқ. Нәтижесінде мені өзімнің ата дінімнен айырып, мұсылман бауырларымды маған қарсы қойып, мені айтуға ұяларлық діннің өкілі ретінде көрсетіпті. Өзі Айдын мырзаның интерьвю кезінде алты шұбар жұлдыздың бейнесі бар жейде киіп алып мұсылмандар жайла әңгіме айтыпты. Олардан айырмашылығым мен дәлелмен, дәйекпен сөйлеймін. Өйткені, бұл кәсіби журналистік біліктіліктің талабы", - дейді 

Шах-Керім Кәрмен мырзаның сөзіне назар салар болсаңыз, жауап беру барысында арандатушы азаматтардың, жігіттердің кесірінен жақын адамы, жездесінен айырылғанын тілге тиек етті. 

- "Бірақ жаңағы арандатушы жігіттердің, азаматтардың арандатушылығының нәтижесінде қазір мен, Алматы әуежайында жездемнің жаназасын шығаруға бара жатырмын. Жаназасын шығаруға. Әрине, Айдын мырза қателеспедіңіз. Өйткені мұсылмандар жаназа шығарады. Құран оқиды. Қалаулым сен бағдарламасының 3 жылдық тарихында ешбір адамның ар-намысына және өміріне нұқсан келмеген. Сендердің арандатушы жұмыстарыңның нәтижесінде жаназа шығарылып жатыр. Бір Аллаға тапсырдым. Сендерді Алла кешірсін. Ол жігіттердің жұмыстары нәтижелі болмайды. Себебі, Қалаулым бір отбасы. Сендерден басқа сатқындар жоқ", - деді жобаның шеф-редакторы Шах-Керім мырза. 

Белгілі әзілкеш Мереке Қалбаева ана атанды
Ілияс «бренд» аптасына қанша табыс табатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу