Ілияс «бренд» Шырын Нарчаеваны не үшін қолдамайтынын айтты
"Қалаулым" жобасының экс-қатысушысы Ілияс "тренд" қазақтың сәукелесін киіп, жалаңаш денесін елге көрсеткен хайперша Шырын Нарчаеваны қолдамайтынын жеткізді. Бұл туралы ол "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
Бір кездері әлеуметтік желіні шулатқан Шырынның тірлігін баланың ісі көретін ол, ұлттық құндылықтарға тиісу дұрыс еместігін жеткізді.
- Шырынды мен құптамаймын. Шырынға айтарым, ол бұлай ұлттық аргументтерді қорламасын, себебі, бұл шынайы емес. Оның соңы жақсы болмайды, - деді Ілияс.
Естеріңізге сала кетейік, біз Ілияс брендтің қанша табыс табатындығы жөнінде жазған болатынбыз.