«Түрің өмірде мүлде басқа екен ғой»: Меденова өзін перзентханада келеке еткендер туралы айтты
Отандық әнші, блогер Айдана Меденова қазіргі таңда екі баланың анасы. Ол тұңғышын босанған кезде перзентханада өте ыңғайсыз жағдайға тап болғанын айтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "MOM'sкий әңгіме" подкастына сілтеме жасап.
Меденова:
"Толғақ болғанда менімен селфи жасағысы келді. Ол әрине, мен үшін қалыпты, үйреншікті жағдай. Бірақ босанып жатқанда түскенін мен түсінбедім. Бәрібір де сыпайы түрде: "Мен бірінші босанып алайын, сосын суретке түсейік", - деп айттым", - дейді Айдана.
Әнші босанған күннің ертеңіне сол мекемедегі басшылардың бірі Айдананы жеке кабинетіне шақырыпты. Зәре-құты қашқан Айдана баланың денсаулығына қатысты болар деп алаңдаған. Алайда шын мәніндегі себеп басшылардың әншіге деген қызығушылығында болып шыққан.
Кірсем, бір әйел отыр екен.
"Меденова ма? Кел, отыр", - деді. Телефонын ақтарып отырып: "Сен ба не Меденова, біздің перзентханаға келген?" - деп жалғады. "Иә, маған бәрі ұнап жатыр. Не боп қалды?"- деп қоямын.“Түрің өмірде мүлдем басқа екен ғой. Өткенде Салтанат Бақаеваны көргенбіз. Теледидарда басқасыңдар", - деді. Мен өте тәрбиелі адаммын. "А-а-а" деп қоя салдым. Сонда әрі-бері акушер, санитар дәрігерлер өтіп жатыр. Оларға қарап: "Қараңдар, кім келді! Сендер онымен фотоға түсейін деп жүрсіңдер. Ал ол өзі маған келді", - деді ғой. Мен ол кісіге таңырқап қарадым. Ішімнен: "Сіз сонда мені сол үшін шақырдыңыз ба?" - деп ойладым. Сонда да айтқан жоқпын. 30-40 минуттай сол жерде отырдым. Балам айдалада жатыр. Ана кісі де қояр емес. Сосын керек адамдармен фотоға түстім. Негізі өзіме залал келтіретін нәрсе жасадым, бірақ өзім ешкіммен ұрыспайтын адаммын. Басқаша болуы мүмкін де емес еді. Әрі ол кезде жаспын", - деп түсіндірді Меденова.