Еден жуып жүріп, «Бозторғайды» құйқылжыта орындаған бала елді тәнті етті (видео)
Әлеуметтік желіде әндетіп, спорт зал еденін жуып жүрген оқушы елді тәнті етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Аталған видео инстаграм желісінде тарады. Онда мектеп оқушысының мұқият спорт зал еденін жуып жүріп, "Бозторғай" әнін бар жан-тәнімен орындап жүргенін байқауға болады. Аталған баланың талантына тәнті болған оқырмандар:
"Балалар үйінің баласы болса, асырап алар едім. Жалғыз ұлыма серік болар еді, шіркін", "Еңбекқор, даусы да керемет екен. Болашақта әнші болатын жігіт екен", "Даусыңнан айналдым", "Жаным-ау, қазақтың балалары жыламасын", "Даусы әдемі екен", "Жаным сол" деп айналып-толғанып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram