Түркістан: Халыққа қызмет көрсету орталықтарын трансформациялау пилоттық жобасы табысты іске асуда.
Биылғы жылдың 13 мамырынан бастап жылдың соңына дейін облыс бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пилоттық жобаны жүзеге асыруда.
Аталған пилоттық жоба Түркістан қаласы мен Отырар ауданында жұмыс істеп жатыр.
Мамыр және тамыз айларында Түркістан Фронт кеңсесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарымен 491 қызмет көрсетілді. Ал Отырар ауданында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалында аудандық фронт-офистің 7 маманы 74 түрлі қызмет көрсетті. Аталған қызмет түрлері Жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасау, Жерді жалдау шартын жасау, білім беру, денсаулық, ауыл шаруашылығы салаларына қатысты мемлекеттік қызметтерді бір терезе қағидатымен жедел алуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, облыстық біріңғай «Түркістан-109» байланыс орталығы жұмыс жасауда. Тұрғындар тарапынан келген жиі қойылатын сауалдарға жауап беру мақсатында құрылған орталыққа қазіргі таңда күніне орта есеппен 150-200-ге дейін қоңырау түседі. Тұрғындар өтініштерінің уақытылы және толық жауап беруін қадағалау үшін, орталықпен байланысу 109 нөмірі, Whatsapp (+77011313109) арқылы өтініш беруге мүмкіндігі бар; Instagram (@turk.obl_109); Facebook (Байланыс Орталық); Aikey мобильді қосымшасы арқылы Түркістан және Кентау қалаларында іске асырылған.