Екі жастағы бүлдіршін өзін шақпақ болған жыланды тістеп өлтірген
Жыланның кішкентай балаға шабуылы сәтсіз аяқталды – жылан өліп қалды. Бұл жағдай бала үйдің артында ойнап жүрген кезде болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Көршілер қатты шыңғырған дауысты есітіп жүгіріп келген. Алайда олар балаға көмектеспек болғанда таңғаларлық көрініске тап болады. Екі жасар қыз жыланды тістеп өлтірген.
Бауырымен жорғалаушы баланың ауыз тұсынан шағуға ұмтылған көрінеді. Бірақ кішкентай бүлдіршін бұл сәтті қалт жібермей, жыланды жан тапсырғанша тістеген.
Жылан өлді. Ал екі жасар бүлдіршінді ерніндегі жарақаты үшін ауруханаға жатқызған. Қазір ол қауіпсіз жерде. Мұндай жағдайды мүлдем күтпеген қыздың әкесі қызын мақтан тұтады.