Құрбандық шалудың амалдары
Құрбан айт мерекесі - Меккеге қажылыққа баратын мұсылман жоралғыларының бір бөлігі болып табылады. Мереке Мекке маңындағы Мина аңғарында Зул-Хижаның мұсылман ай күнтізбесінің 12-ші айының 10-шы жұлдызында аталып, 2-3 күнге созылады. Биылғы жылы Арапа 10-тамыз, Құрбан айт 11-тамызға түсіп тұр. Бұл мереке – өзгеше құлшылық, қанағат пен мейірімге бөленетін күн, онда - малдың сапасы артқан сайын, сауабы да арта түседі.
Пайғамбар (с.ғ.с): « Құрбандық ретінде төрт түрлі малды шалуға болмайды:
- ақауы айқын бір көзді малды;
- ауруы айқын ауру малды;
- ақсақтығы айқын ақсақ малды;
- әлсіздігі айқын арық малды»,- деген (Хадисті Тирмизи, Ахмәд жеткізген)
Құрбандыққа қандай мал сойылады:
- Малдың еркек не ұрғашы болуының айырмашылығы жоқ.
- Бес жасар түйе;
- Екі жасар сиыр, өгіз;
- Бір жасар қой:
- Бір жасар ешкі;
Мал бауыздарда не айтасыз?
1) « Бис-мил-ләәһ, Уәл-лаа-һу Әк-Бәр»
( Алланың атымен, Алла ұлық!)
2) «Бис-мил-ләәһ, Уәл-лаа-һу Әк-Бәр,
Ал-лаа-һум-мә һәә-зә мин-кә уә лә-кә»
( Алланың атымен, Алла ұлық!
Алла сен бердің, сенің ризылығың үшін)
Ет үлестіру:
- 3/1 өзінің отбасына, бала-шағасына
- 3/1 туған-тус, көршілеріне
- 3/1 кедей және мұқтаж адамдарға
Ескерту: - Құрбандыққа шалынған малдың терісін етінен қасапшыға қызмет ретінде берілмейді, теріні сатып, ақшаны садақа ету керек.