Атеистпен болған әңгіме...

Oinet.kz 19-07-2019 1470

       ateist.png

Атеисттер  деп  көзбен көріп, қолмен ұсталған, ғылыммен дәлелген дүниеге ғана сенетіндердің тобын айтады. Оларды құдайға сенбейді немесе сенгісі келмейді деп бөліп қарастыруға болатын шығар, бәлкім.

 Шілденің шіліңгір ми қайнатар ыстығында жұмыста да  басқа да көңіліне жаға қоймайды екен. Неге екені белгісіз,  салқын жерге барып кітап оқығым келді. Содан жанның рахатын кітапханадан таптым. Діни сауатымды арттырайыншы деген ниетпен   «Адамзаттың асыл тәжін» оқып отырғанмын. Шіркін-ай, пайғамбарымыздай  жүрегі кең, жақсылық атауының баршасын бойына сіңірген пенде бар ме екен? Жо-жоқ, әсілінде болмайтын да шығар, Алла елшісі қайталанбас тұлға. Бейне бір бөлек әлемге ене кеттім. Кешіріңіз, жаныңызға отыруға болады ма? – деген сұрақ мені өзімнің діншілдер мен дінсіздердің арпалысы толастамайтын әлемге қайтарып алды. Ұнатпаған кейіппен: - Несін сұрайсыз, отыра беріңізші, - дедім. Көзімнің қиығымен аяғынан- үстіне қарап, саралап-сабақтап шықтым (менің ең нашар әдетім екенін мойындаймын). Түр-әлпеті келіскен, сымбатты, шамамен 40-45 жас шамасындағы арықтау келген аға екен. Қолындағы кітабы жақында ғана «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шыққан «Адамзаттың қысқаша тарихы» атты кітабы бар. Оп-по-но,- дедім іштей. Себебі, тікелей атеистік бағытпен жазылған кітап. Бұл кітапты оқуға өзім үшін үлкен психологиялық дайындық керек сияқты.  Байқағандай, оқуға кеңес берер едім,  фактпен жазылған кітап,- деп бастап жатыр еді, - Ыммм, рақмет,-  деп қолымдағы кітабымды көрсеттім. 

- Бұл, менің көзқарасымда жай ғана құрастырылған әңгіме. Тым қиялға сенбесеңізші. Ақылды қыз секілдісіз, Алла жаратты, Алланың елшісі екен деп жоқ адамның жасағанын қайталау міндетіміз емес, шынайылыққа бет бұруымыз керек. Байқайсыз ба, дінге сеніп, өздерінің ойларынан шығарып алған жаратылысына  табыну қалыптасқан халықтар кедей болып келеді. Олар тек тілеуді ғана біледі, ал әрекет жасау, еңбектену  жат дүние.  Мысалы, атеист пен діншіл адамның екеуін  бір бөлмеге қамап қояйық. Діншілін не атеист болады немесе дінге деген көзқарасы өзгереді. Өйткені, мына біздердің сұрақтарымызға жауап табуға олардың білімі жетпейді. Сондағы үш сүресін жаттап алып, өзің мұсылманмын, намаз оқимын деп жария жар сала кетеді.

 - Сөзін бөлместен тыңдап болдым да: - сіз, өзіңіз мейлі,  намаз емес тым болмағанда, жұмаға барып көргенсіз бе?- деп сұрадым. Мұндағы ниетім жүрегін ояту болған.

- Сенесіз бе? Бес уақыт намазын үзбейтін, оразасын қалдырмай ұстайтын, жұмасына асығып тұратын тақуаның бірі болғанмын. Бес жыл қатарынан дүниеге келген сәбиім  бұ дүниені сезінбестен, анасынан ақ сүтін ембестен о дүниелік бола берді. Алладан тілеп алған жалғыз ұлымда үш жасында анасымен бірге қаза тапты.  Менің  Аллаға деген махаббатымды, оған риясыз сенемімді, күні-түні жағасынан алып тілейтін дұға – тілектерімді ол байқамады ма? Мені неге ұрпақсыз қалдырады. Алла – пендесінің тілегін қайтармайды,- дегені қайда?

- Ағатай-ау,кешіріңіз. Сынақты сүйген құлына береді ғой, сабыр сақтаңыз, асылық сөйлемеңіз. Санаңызды өзгертуге тырыспаңыз.  Қараңғының артынан міндетті түрде нұр шығатыны секілді, өміріңіз нұрланады. Атеистпін деп өзіңізді сендіруге тырыспаңыз. Мойындаңызшы, бәрібір Жаратқанға деген махаббатыңыз сөнбеді емес пе? Адамнан жасырғанды, Алладан жасыра алмайсыз. Ол бар сіздің жүрегіңізде,- дедім. Сіз тек  сенгіңіз келмейді.   

- Үнсіз, ойға шомып: - рахмет қарындасым, бағың ашылсын,- деп өз ықыласың білдірді. Сол бір сәтте, әлемдегі ең бақытты жандай сезіндім өзімді. Атеист мені емес, мен оның жүрегіндегі сенімді оятуға септігімді тигіздім.


Алланың 99 көркем есімін жатқа білудің маңызы неде?
Құрбандық шалудың амалдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу